Келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те жарияланады
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде:
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.
Айта кетсек, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 8.00-де дауыс беруге кірісті.
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485.