Атырау облысының әкімі жерлестерін сайлауда таңдау жасауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Серік Шәпкенов президент сайлауында дауыс беруге қатысты

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Атыраудағы Н. Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының ғимаратында орналасқан №8-сайлау учаскесінде дауыс берді.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жерлестерді сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Тарихи мүмкіндік бәріміздің өз қолымызда! Бүгін сайлауға келіп дауыс беру арқылы болашақ ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады. Жерлестерімді белсенділік танытып өз таңдауын жасауға шақырамын», - деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысы бойынша 261 сайлау учаскесі бар. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады. Облыс бойынша 409 949 сайлаушы тіркелген.