Тоқаев жыл соңында Парламенттік сайлауға қатысты мәлімдеме жасайды

Автор: Azattyq Rýhy

Парламенттік сайлау жаңа жүйе бойынша өтетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистер қауымының бірқатар сұрақтарына жауап берді. Тоқаев алдағы уақытта болатын Парламенттік сайлаудың жаңа жүйе бойынша өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Саяси жүйені қайта құруға келер болсақ, мен бұған дейін айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша, президенттік сайлаудан кейін үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Бұл парламенттік сайлаудан кейін міндетті түрде жасалады», - деді Президент.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Парламенттік сайлауға қатысты жыл соңында мәлімдеме жасайтынын атап өтті.

«Парламенттік сайлау жаңа аралас жүйе бойынша өтеді, сайлау нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органына жаңа адамдар келеді, соның ішінде оппозициялық көзқарастарды қайта құратын адамдар болады деп күтемін», - деді Тоқаев.