Жетісу облысында жүзден асқан қарт ана дауыс берді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Бүгінгі сайлауда Сарқан ауданы бойынша 26 мыңнан астам сайлаушы өз дауысын бермек

Сарқан ауданында ғасыр жасаған қарт ана ең бірінші болып дауысын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Белдеубай Алтынхан апаның жасы жүзден асып кеткен. Кейуана аудан халқына ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, алғашқылардың бірі болып дауысын берген. Сайлау учаскесінің өкілдері көшпелі жәшікті кейуананың үйіне апарды. 

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». - деді қарт ана. 
Бүгінгі сайлауға аудан бойынша 26  мыңнан астам сайлаушы өз дауысын бермек.