Президент сайлауы: алғашқы сайлау учаскелері Жапония мен Кореяда ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Токио мен Сеулде ашылды

Фото: t.me/pressmfakz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Сыртқы істер министтрлігінің мәліметінше, шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

«Ең бірінші болып қазақстандықтар Жапония мен Кореяда дауыс беруге мүмкіндігі бар», - дедінген хабарламада.

Токиода #261 және Сеулде #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады.