Еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы өседі

Автор: Azattyq Rýhy

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

фото: Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыға қол қойды.

Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі.

"2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", - делінген қаулыда.