Жалпы жүк айналымы 260 млн тоннаға жетіп қалды
Биыл елде теміржолдың көмегімен 340 миллион тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы жүк айналымы 260 миллион тоннаға жетіп қалды. Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 5,4 процентке артты.
Ал пойызбен жүрген жолаушылар саны 16 миллионнан асып кетті. Сөйтіп, былтырғыға қарағанда 32 процентке көбейді.
Кәсіптің бұл түрімен айналысатын компаниялардың табысы 1 миллиард 79 миллион теңгеге тең. Бұл соманың 998 миллионы жүк, қалған бөлігі жолаушылар тасымалына тиесілі.