Аяз болады: «Қазгидромет» алдағы демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің басым бөлігінде қар жаууы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауып, солтүстікте қар түрінде, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болуы мүмкін.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі ықтимал.