Сондай-ақ өткен тәулікте 14 адам КВИ пневмониясына шалдыққан
Қазақстанда өткен тәулікте 72 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 14 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
18 қарашадағы мәлімет бойынша, 790 адам коронавирус инфекциясынан (–612+ және 178 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 100 пациент стационарда, 690 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.