Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райына байланысты 31 рейс кешіктірілуде

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде басқа қалалардан ұшып келетін 16 рейс кешіктіріліп жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райының нашарлауына байланысты 31 рейс кешіктірілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық әуежайдың мәліметінше, ауа райының бұзулуына байланысты басқа қалалардан ұшып келетін 16 рейс кешіктіріліп жатыр:

- «Air Astana» әуе компаниясының 8 рейсі (Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-әл-Шейх қалаларынан келетін халықаралық рейстер);

- «SCAT» әуе компаниясының екі рейсі (Өскемен және Шымкент қалаларынан);

- «Qazaq Air» әуе компаниясының екі рейсі (Петропавл мен Костанайдан);

- «Fly Arystan» әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы және Қостанайдан);

- «Etihad Airways» әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиден).

Сонымен қатар, басқа қалалардан ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты халықаралық әуежайдан ұшып шығатын 15 рейс уақытылы орындалмаған:

- «Air Astana» әуе компаниясының 7 рейсі;

- «Qazaq Air» әуе компаниясының екі рейсі (Ақтөбе мен Қостанайға);

- «Fly Arystan» әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы мен Қостанайға);

- «Turkish Airlines» әуе компаниясының бір рейсі (Ыстамбұлға);

- «Etihad Airways» әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиге);

- «FlyDubai» әуе компаниясының екі рейсі (Дубайға).

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.