Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 желтоқсанға дейін ұзарды

Автор: Azattyq Rýhy

Белгілі кәсіпкердің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді

Фото ашық дереккөзден

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 желтоқсанға дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.