$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болды

Оқиғаның мән-жайын тиісті мамандар анықтайды

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болды

Петропавлда Ярослав Гашек көшесінде орнласқан техникалық қызмет көрсету орталығықтарының бірінде жарылыс болды. Түрлі жарақат алған 9 адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жарақат алған 9 адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазір оларға тиісті ем жасалып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр емес екенін жеткізді. Орташа және жеңіл күйікке шалдыққандар бар. Жарылыс кезінде ғимаратта болғандар далаға қашып шығып үлгерген. Мамандар шығын көлемін есептеп үлгерген жоқ. 10 көліктің зақымданғаны туралы мәлімет бар. Шығынды кім өтейтіні де әзір белгісіз. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше өрттің аумағы 100 шаршы мерге жеткен.

«Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлікке орнатылған газ баллоны жарылған. 101 қызметіне сағат 16 кезінде шақырту түсті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған 9 адам «Жедел жәрдем» көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер  100 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтады. Тілсіз жаумен күреске облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық  Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлев.

Алдын-ала болжамдар бойынша техникалық орталықта тұрған автокөліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. Дүмпу қатты болған. Салдарынан құрылыс конструкциясы құлап, соңы өртке ұласқан. Қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Ғимараттың қабырғалары құлап, терезелері сынып қалған.  Оқиғаның мән-жайын тиісті мамандар анықтайтын болады.

Серіктес жаңалықтары