Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Былтырғымен салыстырғанда заң бұзу дерегі жеті есеге артып отыр

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте жыл басынан бері қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сол сияқты 173 әкімшілік іс қозғалды. Сот 10 мекеменің жұмысын уақытша тоқтатқан.

Зауыттардың көбі индустриалды аймақта орналасқан. Олардың мұржасынан шыққан түтін арнайы сүзгіден өткізілмеген. Одан бөлек, сарқынды су құрамында зиянды қалдықтар табылған. Тіпті кейбірі ашық су көздерін ластапты.

Өндіріс орындарына жергілікті халықтың арызы бойынша тексеріс жүргізілді. Экологтар былтырғымен салыстырғанда заң бұзу дерегі жеті есеге артып отырғанын айтады.