Анар Момынғазықызы Ғабдуллина 1980 жылғы 11 қаңтарда дүниеге келген
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Анар Ғабдуллина тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Анар Момынғазықызы Ғабдуллина 1980 жылғы 11 қаңтарда дүниеге келген.
С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Кәсіби маманданған салалары – қала құрылысы және коммуналдық шаруашылық, жолдар мен әуеайлақтар салу, мемлекеттік және муниципалды басқару.
Анар Момынғазықызы Ғабдуллина «Құрметті жолшы» төс белгісінің иегері.
Еңбек жолын 2003 жылы 2-ші категориялы инженері болып бастаған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Комитеті Павлодар облыстық департаментінің жетекші маманы, Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы, Пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті Ғылым, сапа және концессиялық жобалар басқармасының бас сарапшысы, Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының бас сарапшысы, кейін аталған басқарманың жетекшісі, Жобаларды дайындау басқармасының басшысы, Ғылым және жұмыстардың сапасы басқармасының жетекшісі, Жұмыстардың сапасы және жергілікті желіні дамыту басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Жергілікті желіні дамыту басқармасы басшысы қызметін атқарды.