Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

polisia.kz

Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында 26 шағын ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер - 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша.