$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Атырау-Астрахан» тасжолының қай учаскелерінде қозғалыс ашылды?

Жол уческелерінің саны - 14

«Атырау-Астрахан» тасжолының қай учаскелерінде қозғалыс ашылды?
Фото: ашық дереккөзден

4 құрылыс учаскесінен тұратын «Атырау-Астрахан» күре жолының құрылысына 470 бірлік арнайы техника мен 600 жолшы маман жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

5 асфальтбетон зауыты жұмыс істеп тұр. Асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселген сайын күре жолда қозғалыс қамтамасыз етіліп отырады. Биылғы құрылыс маусымы аясында 72 шақырымға жаңа асфальт төселді.

«Жаңа асфальт төселіп, қозғалыс ашылған учаскелердің қатарына: Жанбай кентінен Аққыстау ауылына дейінгі аралық (19,5 шқ), Құрғақ көпірінен 17-ші разъезге дейінгі аралық (15 шқ), Байшақа көпірінен Исатай ауданы басталатын тұсқа дейінгі аралық (15 шқ), Құрманғазы ауданынан Атырау қаласына қарай (18 шқ), Тұщықұдық және Жанбай кенттерінің ішіндегі жолдар (4 шқ), Ресей Федерациясының шекарасынан (Астраханға) Атырау қаласына дейінгі аралық жатады. (60 шқ) Жалпы ұзындығы 277 шақырымды құрайтын күре жолдың 132 шақырымы жөнделді. Сонымен қатар, мал айдау өткелдерінің құрылысы аяқталды», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Көпірлерде де құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атырау өңірінде тас карьерлері жоқ. Бұл – құрылыс барысында орын алып отырған ең негізгі проблема. Құрылыс жұмыстарына қажет қиыршық тасты теміржол арқылы тасымалдау үшін жартылай вагондар керек.

Уәкілетті органдармен жүргізілген келіссөздер аясында қиыршық тасты тасымалдау үшін жартылай вагондар қамтамасыз ету мәселесі ішінара шешілді. «Атырау-Астрахан» күре жолы жобасы аясындағы қажеттілік 24 мың жартылай вагонды құрап отыр.

Биыл оның жартысы қамтамасыз етілді — бұл 11,5 мың жартылай вагон. Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан кездегі жыл сайынғы битум мен ЖЖМ тапшылығы жұмыс барысына теріс әсер ететінін атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары