Астанада жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады

17 қарашада Астанада жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

17 қараша күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Бос орындар жәрмеңкесі Республика даңғылы 34 мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің Жастар сарайында өтеді.