Ол Үкімет пен Президент әкімшілігі Мемлекет басшысына ұсыныс әзірлейтінін айтты
ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Стратегиялық бастамалар форумында елдің болашақ бейнесі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тимур Сүлейменов еліміз үшін цифрландыру, әлеует, бітімгершілік, креативтілік, нейтралдылық, бейімділік, құндылық, өсім түсінігі керек екенін айтты.
«Бүгін айтылған ой-пікірлер бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үкімет пен Президент әкімшілігі Мемлекет басшысына ұсыныстарды беру үшін жұмыс істейді. Біз осындай кезде әрбір құнды пікірге назар аударамыз. Қазақстанның болашақ бейнесіндегі іргетас сенім екені анық. Ол алдымен, адамның адамға деген сенімі. Үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген сенімі болуы керек», -деді Т. Сүлейменов.
Ол атағандай, халықтың мемлекеттік жүйеге деген сенімі де жоғары болуы керек.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, ел азаматтары жауапкершіліктен қашпауы керек.
«Лауазымы жоғары біреу келіп жұмысты істеп кетеді деп ойламау керек. Оны отбасында, бизнесте де, мемлекеттік құрылымда ешкім істемейді. Елдің болашағын тек біз құра аламыз», - деді ол.