Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейген

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде COVID-19 инфекциясынан 747 адам емделіп жатыр

Фото: ТАСС

Қазақстанда өткен тәулікте 60 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 10 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

16 қарашадағы мәлімет бойынша, 747 адам коронавирус инфекциясынан (–584+ және 163 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.