Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде
Семейдегі Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы бұзылып, түсіп жатыр. Осыған орай қала әкімдігі тиісті шара қабылдауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде.