Үкімет басшысы қазан айында азық-түлік тауарлары қымбаттағанын айтты

Автор: Әсел Оршыбекова

Әлихан Смайылов бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керектігіне баса назар аударды

Фото: ашық дереккөзден

Тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру,инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажет. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайлов Үкімет отырысында айтты.

Премьер-министр өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуілуі тиіс.

Бұдан бөлек Әлихан Смайылов бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керектігіне баса назар аударды.

«Биылғы жылдың қазан айында инфляция өсімі жеделдеді. Бұл процеске азық-түлік тауарлары бағасының өсуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Өңірлер осы жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, Премьер-министр жылдың соңына дейін екі айдан аз уақыт қалғанын ескеріп, барлық жобаларды уақытында аяқтауға және жоспарларды іске асыруға, бюджетті тиімді игеруге күш салу қажеттігін айтты.