Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 728 адам емделіп жатыр

Фото: news.myseldon.com

Қазақстанда өткен тәулікте 42 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

15 қарашадағы мәлімет бойынша, 728 адам коронавирус инфекциясынан (–573+ және 155 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 89 пациент стационарда, 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.