Оқушылар онлайн оқуға көшкен
Атырауда қатты дауыл тұрып, 6 ықшам аудан жарықсыз қалды. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Кеше түнде «Бірлік» шағын ауданындағы электр станциясы жанып кетті. Қалаға қарасты "Геолог", "Жұлдыз", "Жұмыскер" ықшам аудандарында және ескі қала аумағында орналасқан балабақшалар мен мектептерде жарық сөніп қалған. Бүгін таңертеңнен бастап, 5 балабақша мен 6 мектеп жұмысын уақытша тоқтатты. Оқушылар онлайн оқуға көшкен.
«Қазір аталған учаскеде монтаж жұмысы бастадық. Ол әрине ұзақ уақыт алады. Себебі біз түнгі 4 тен таңертеңгі 9 ға дейін біз өртенген орынды тазаладық. Қазір өртенген станцияға қажетті материалдар жеткізілді. Бриагдалар қалпына келтіріп кетті. Біз мүмкіндігіне қарай жалғанған аудандарды электр көзіне қосамыз. Бүгін кешке дейін қала жарыққа толықтай қосылады», - деді «Атырау-Жарық» АҚ вице-президенті Мейірбек Ғұбашев.