$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да жәншау жұқтырғандар саны 12 есеге артты

Ауырғандардың 98 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар

СҚО-да жәншау жұқтырғандар саны 12 есеге артты
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жәншау (скарлатина) жұқтырғандар саны артты. Былтыр облыста аталған инфекцияға шалдыққан 41 адам тіркелсе, биыл жыл басынан 500-ге жуық тұрғын ауырған. Көрсеткіш 12 есе артып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Ауырғандардың 98 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар жәншау жұқтырушылар саны көктем және күз мезгілдерінде артады.

«Жәншау –  жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Аурудың көзі – скарлатинамен немесе стрептококты баспамен ауыратын науқастар. Аурудың негізгі берілу жолы – ауа-тамшы жолы арқылы, бірақ залалданған үй заттары арқылы және үшінші адам арқылы да берілуі мүмкін. Бұл аурумен көбінесе балалар ауырады. Ол аурудың жедел басталуымен, дене температурасының жоғарылауымен, терідегі бөртпелермен, әлсіздікпен, бас ауруымен, жұтылу кезінде тамақ ауруымен сипатталады. Бөртпе – аурудың маңызды диагностикалық белгісі. Бастапқыда бөртпе бет, мойын терісінде пайда болады, содан кейін  аяқтарға тез таралады», - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Фото "Меджурнал"

Қызамыққа қарсы вакцина егілмейді. Мамандардың айтуынша аурудың алдынталудың ең тиімді тәсілі – сырқатты ерте анықтап, оқшаулау.

«Инкубациялық кезең (инфекция сәтінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт кезеңі) 1-ден 10 күнге дейінгі аралыққа созылады. Ұйымдастырылған ұжымдарда скарлатинаның алдын алудың негізі – жоспарлы және жүйелі емдеу-диагностикалық шаралар. Ерте және белсенді диагностика, науқастарды оқшаулау қажет. Жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет», - дейді Айнаш Сағындықова.

Серіктес жаңалықтары