Наурыздан бері Қазақстанға Ресейден қанша қазақ көшіп келді

Автор: Мира Байбек

Этникалық қазақтардың ең көбі Өзбекстаннан көшіп келген

Фото: fizkes / bigstockphoto.com

Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат сұраған этникалық қазақтардың санын жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Tengrinews.kz хабарлауынша, ІІМ 2022 жылдың 1 наурызы мен 1 қарашасы аралығында 3999 этникалық қазаққа тұрақты тұруға ықтиярхат берілгенін, олардың көпшілігі басқа елдерден келгенін мәлімдеді.

«Этникалық қазақтардың ең көбі Өзбекстаннан көшіп келген – 2267 адам. Екінші орында Ресей – 773 адам. Одан кейін Моңғолия (328), Қытай (297), Түркіменстан (172), Қырғызстан (39) елдерінен келгендер саны көп», - делінген ақпаратта.

Келген қазақтар негізінен халқы көп өңірлерге – Шымкентке – 785, Түркістан облысына – 715, Астанаға – 702, Маңғыстауға – 608, Алматы облысына – 526, Алматыға – 326 және т.б. орналасқан.