COVID-19 инфекциясын жұқтырған 828 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 29 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 қарашадағы мәлімет бойынша, 828 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 749 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.