Байқаушылар еліміздің барлық сайлау учаскесінде жұмыс істейді
Сайлау күні дауыс беру процесінің адал әрі ашық өтуін Халықтық коалицияның 20 мың байқаушысы қадағалайды. Олар Саяси менеджмент академиясы әзірлеген арнайы курстан өтіп жатыр.
20 қарашада Халықтық коалицияның байқаушылары заңға сәйкес, барлық сайлау процесінің адал әрі ашық өтуін қадағалайды.
Саяси менеджмент академиясының мамандары байқаушылардың құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі сипатталған әдістемелік құрал әзірледі.
Байқаушы Нұрсұлу Намазбаева оқыту процесі интерактивті форматта өтіп жатқанын атап өтті.
«Тренерлердің дайындық деңгейі өте жоғары. Дайындығымызға көп көңіл бөлініп жатқаны сезіледі. Сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етудің Халықтық коалиция үшін маңызы зор. Оқыту процесі тәжірибеге бағдарланғаны қуантады. Сабақ барысында нақты жағдайларды талдаймыз», – деді ол.
Айта кету керек, биыл 3 қарашадан бастап тренерлер барлық облыс пен ауданға барып, Халықтық коалицияның байқаушыларын сайлау күнгі жұмысқа дайындау, оқыту процесіне кірісті. Еліміздің 20 өңірінде 15 мыңнан астам байқаушы оқытылды. 18 қарашаға дейін 20 мың байқаушыны оқыту жоспарланып отыр.
Дауыс беру күні Халықтық коалицияның байқаушылары еліміздің барлық сайлау учаскесінде жұмыс істейді.