Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған
12 қарашада сағат 21.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Құлжа тасжолының 27-шақырымында көлік жуу орны өртенді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті сағат 22:49-да сөндірді.
«Өртсөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан Есік орталық аудандық ауруханасына ІІ дәрежелі термиялық күйікпен 1982 жылы туған әйел жеткізілді. Күйік орны - 30 пайыз, жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 1996 жылы туған ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Денесінің күйік шалған жері - 30 пайыз. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.