Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды

Фото ашық дереккөзден

Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның 6-ауы – алтын, 7-еуі – күміс, 8-і – қола.

Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші орынға жайғасты.

Үндістандықтар 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті қорытындылады.

Бұған дейін Қазақстан боксшылары ерлер арасында Азия чемпионатын 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен аяқтаған еді.