Азия чемпионаты: тағы бір боксшы күміс медаль еншіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Cерік Теміржанов финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковке есе жіберді

Фото ашық дереккөзден

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Cерік Теміржанов күміс медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрлықтық додада 57 келіде сынға түскен Cерік Теміржанов финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковке есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсті. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, күміс медальді еншіледі.