Ал Қазақстанға тұрғылықты тұруға 10 мыңнан аса адам келді
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізден 20 мыңнан астам адам көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көші-қон органдары ұсынған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға 10 995 адам келді.
Ал елімізден 20 341 адам кетті, көші-қон айырымы – 9 346 адам.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтеді.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санындағы үлесі - тиісінше 84,4% және 84,8%.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 0,7%-ға кеміді.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (27 741 адам), Астана (26 676 адам) және Шымкент (2 251 адам) қалаларында.