Төтенше жағдай бүгін елордадағы құрылыс нысандарының бірінде болған
Астанада 14-қабаттан құлап кеткен құрылысшыға шұғыл түрде ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған құрылысшы жедел жәрдеммен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Пациенттің жағдайы ауыр. Көптеген жарақат алған, миы шайқалған. Шұғыл түрде ота жасалды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.