Аталған іс-шара түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен іске асырылды
Мемлекет басшысы Самарқан қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқан қаласындағы «Регистан» алаңында тал екті», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды.