АҚШ сайлауы: неліктен республикалық «қызыл толқын» болған жоқ

Автор: Сағыныш Ибрагим

Республикашылдар Конгресс сайлауында үлкен жетістікке жетуге үміттенген еді

REUTERS

Инфляцияның 8%-ға дейін өсуі және Джо Байденді қолдаудың төмен рейтингі аясында республикашылдар Конгресс сайлауында үлкен жетістікке жетуге үміттенген еді, бірақ олай болмады, деп жазады ВВС агенттігі.

Бірнеше апта бойы әлеуметтанушы агенттіктер мен комментаторлар «қызыл толқын», республикашылардың сайлауалды жеңісі және Джо Байден мен демократтардың толық жеңілісі туралы ескерткен еді. Алайда сәрсенбі күні таңертең республикашылдар күткен «толқынның» сайлауда болмағаны белгілі болды.

Партия қарапайым жетістіктерге жетті және оның өкілдер палатасын бақылауға алу мүмкіндігі бар, бірақ Сенатты бақылау үшін қарқынды күрес жүріп жатыр, ал демократтар күткеннен де көп нәрсеге қол жеткізді.

Көптеген адамдар қазіргі сайлауды Дональд Трамптың мұрасына және оның республикалық партиядағы тұрақты ықпалына деген көзқарастың сыны ретінде қарастыруда.

Техас университетінің саясаттанушысы Джон Тейлор көптеген сайлаушылар Трамптың ықпалын әлсірету үшін демократтарға дауыс беруі мүмкін деп санайды.

«Бұл сайлау, басқалармен қатар, Трамптың фигурасы туралы референдум болды деп айтуға болады. Ол қолдаған кандидаттардың көбі сайлаудың нәтижелерін көпшілік алдында мойындамағандар мен губернатор, губернатор кеңсесінің басшысы немесе Сенатқа сайлануға тырысқандар болмақ. Олардың көпшілігі сайлауда жеңілді», - дейді Джон Тейлор.

Әдетте, биліктегі Президенттің партиясы саналатын демократтар аралық сайлау нәтижесінде өз позициясын жоғалтады. Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің мәліметі бойынша, 1934-2018 жылдар аралығында президенттік партия мұндай жағдайда палатада 28 және Сенатта төрт орындықтан айырылған.