Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

11 қарашадағы мәлімет бойынша, 759 адам коронавирус инфекциясынан (–605+ және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.