Достық станциясында теміржол машинистінен есірткі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген зат салмағы 0,82 гр. болатын кептірілген марихуана екендігі анықталды

фото: Көліктегі ПД

Достық станциясында теміржол машинистінен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Достық станциясының ЖПб-нің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері теміржол мекемесінің машинисті болып жұмыс істейтін 1983 жылы туған азаматты ұстады.

«Жеке басын тінту кезінде қалтасынан ақ қағазға оралған, жасыл түсті өзіне тән иісі бар өсімдік үгітіндісі анықталды. Айғақ зат ретінде алынған есірткі тектес заты сот сараптамалық орталығына жолданып, сарапшының қорытындысымен салмағы 0,82 гр. болатын кептірілген марихуана екендігі анықталды», - деді Көліктегі полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ұсталған ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс-қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық іс Алакөл аудандық сотына жолданып, сот үкімімен 98 377 теңге айыппұл салынды.

Тегтер: