Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-дан 66 шақырымға дейінгі учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктер қозғалысына тыйым салынды. Жолда тиісті белгілер орнатылған. Шектеу қыс мезгілінің соңына дейін сақталады», - деп көрсетті ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.