Норвегияда орналасқан «Адам құқықтары жөніндегі Иран ұйымы» қақтығыстар басталғаннан бері 200-ден астам адам қаза тапқанын хабарлады
Иранда қарсылық акциясы қайта тұтанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Иранның Тегеран, Исфахан, Мешхед, Решт, Махабад, Шахрекурд, Шираз бен Тебриз сияқты қалаларында қарсылық акциясы өтті.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға қарағанда Ислам Республикасының Исфахан қаласында шеруге шыққандар «Әйелдер, өмір, азаттық!» деп ұрандатқан.
Тегеранда қарсылық танытқандар Саттархан көшесін жауып тастады.
Тегеран университетінің студенттері акцияға қатысқан студенттердің қамауға алынғанын және олардың кейбірі сабаққа жіберілмей жатқанын айтқан.
Солтүстік Хорасан провинциясындағы Медициналық ғылымдар университеті мен Тебриз өнер университетінің студенттері жаппай шеруге шықты.
Естеріңізге саламыз, Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін жаппай шеру басталған болатын.