Украина Франциядан тағы алты САУ Caesar алады

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұған дейін Франция билігі Украинаға беру үшін Дания тапсырыс берген Caesar өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларының бір бөлігін жеткізуді тоқтатпақ болған

Алдағы аптада Франция билігі Украинаға тағы алты Caesar sau беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Францияның Қорғаныс министрі Себастьян Лекарню айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Ол бұл қару-жарақты Франция президенті Эммануэль Макрон әскери көмек аясында Украинаға беруге уәде бергенін айтты.

«Біз оларды алдағы апталарда жеткіземіз. Әзірге біз алдыңғы буын артиллериясының басқа түрі- TRF1 гаубицаларын жеткіздік», - деді Лекарню.

Франция Қорғаныс министрлігінің басшысы атап өткендей, Париж Украинаға 24 Caesar гаубицасын жіберу туралы уәдесін орындайды.

Ол сондай-ақ Украинаға әскери қолдау Францияны қақтығыстың бір бөлігі етпейтінін атап өтті.

Caesar - бұл өздігінен жүретін артиллерия. Бұл қарсыластың әскерін алдыңғы сызықтан 20 шақырым немесе одан да көп қашықтықта жоғары дәлдікпен ұруға мүмкіндік береді.