Босқындардың жаңа легі қыс түсерде артуы мүмкін
Шығыс Еуропа елдері Украинадан келетін босқындарға арналған қабылдау орталықтарын ашуға дайындалып жатыр. Босқындардың жаңа легі қыс түсерде артуы мүмкін. Себебі, күн суытып келеді, ал Ресей әскерилері Украинандағы энергетикалық нысандарға шабуылды тоқтатқан жоқ, Azattyq Ruhy тілшісі «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.
Словакияда Украинадағы төмен температура мен әскери әрекеттерге байланысты алдағы үш айдың ішінде шамамен 700 мың адам келеді деп болжауда.
Венгрияда шіркеудің өкілі Джофия Добиш-Луски украиналықтардың шекара маңындағы Захон теміржол вокзалына күнделікті келуі он есе артып, ресейлік бомбалаудан кейін шамамен 500 адамға дейін жеткенін айтты.
Чехияның ішкі істер министрі Вит Ракушан өткен аптада Киевке сапарынан кейін Еуропада тұруға тіркелген босқындардың бестен бір бөлігі Украинаға барғанын, бірақ кейбіреуі қыстың қатал жағдайына байланысты оралуы мүмкін екенін айтты.Чехия Украинамен шектеспейді, бірақ 457 мың адам тұратын босқындар үшін танымал ел саналады.
БҰҰ мәліметтері бойынша, шамамен 6,9 миллион адам Украинада ішкі қоныс аударушылар болып саналады. Қазіргі уақытта Еуропада әртүрлі қорғаныс бағдарламалары аясында тағы 4,5 миллион украиналық босқын тіркелген. Олардың көпшілігі Украинамен көршілес ЕО елдерінде - Словакия, Польша, Венгрия және Румынияда тұрып жатыр. Осыдан тура бір ай бұрын, 10 қазанда Еуропалық комиссия украиндық босқындарды қабылдау және қорғау ережелерін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.