Қар жауады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады. Соның салдарынан қар жауады», - делінген хабарламада.

Тек елдің оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғады.

Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер болмауы мүмкін.