Нэнси Пелоси конгрессмен ретінде жаңа мерзімге қайта сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл мерзім аяқталғанша ол 84-ке келеді

Фото ашық дереккөзден

Қазіргі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси сайлау қорытындысы бойынша конгрестің жаңа құрамына кіреді, деп хабарлады NBC News.

Телеарна хабарлағандай, Сан-Франциско қаласындағы өз округінде Пелоси 82% дауыспен республикалық кандидатты жеңеді.

Пелоси 1987 жылдан бастап Өкілдер палатасының құрамында, Конгрестегі келесі мерзімінің соңына қарай ол 84 жаста болады, ол оның 37-сін заң шығарушы ретінде өткізді. Егер республикашылар палатадағы орынның көпшілігін алатын болса, спикерді олардың партиясының өкілінен таңдайды.

Айта кетейік, тамызда Нэнси Пелосидің Тайваньға баруын әлемдік БАҚ жарыса жазған еді.

Тегтер: