Жетісу облысында заңсыз ауланған 2 тонна балық тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy
www.inform.kz

Жетісу облысында заңсыз ауланған 2 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы-Өскемен» тас жолында полиция қызметкерлері жолаушылар автобусын тоқтатқан. Оның багаж бөлігінде балық аулауға, тасымалдауға және рұқсат қағазы жоқ екі тоннаға жуық балық табылды.

«Әртүрлі тұқымды 1783 келі балық тәркіленді, оны Үшарал-Алматы бағыты бойынша жолаушылар автобусында заңсыз алып өтпек болған. Іс жүзінде жиналған материал жүк иесі мен автобус жүргізушісіне тиісті шара қолдану үшін Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясына жіберілді», - деді Жетісу облысы Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Тегтер: