Риддер қаласының тұрғындары ЖЭО-дағы апаттан кейін жылусыз қалған болатын
Риддер ЖЭО-да төтенше жағдайға кінәлі адамдар қатаң жазаланады. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Арнайы құрылған комиссия болған жағдайға, сондай-ақ станцияның жалпы техникалық жағдайына талдау жүргізеді.
Дмитрий Горьковой төтенше жағдайдың негізгі себебі - жабдықты сапасыз және тиімсіз жөндеуден өткізіп қана қоймай, төртінші және бесінші қазандықтағы өрескел ақауларға назар аудармаған ЖЭО иелерінің немқұрайлы және жауапсыз қарым-қатынасы деп көрсетті.
«Бүгін арнайы құрылған жөндеу бригадалары жұмысының төртінші күні және біз екі қазандықты іске қосу арқылы температураны айтарлықтай көтере алдық, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Жоғары қысымды қазандықты іске қосу жұмыстары жүргізілуде, бұл нормативтік температураға қол жеткізуге және жылумен жабдықтауды қайта бастауға мүмкіндік береді».
Қала әкімінің айтуынша қазір станцияны басқаруды аймақ билігі жүзеге асыруда.
ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселе қаралуда. Бірақ бірінші кезектегі мәселе -бұл Риддерді қыс бойы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету.