Бұл мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады
Биыл Еуропада 15 мың тұрғын аптап ыстықтан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Әсіресе, Испания мен Германияда өлім-жітім көп болған. Қаралы мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады. Сарапшылар биылғы жаздың адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл болғанын айтады. «Кәрі құрлықты» құрғақшылық қысып, орман жиі өртенген. Әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда температура 2 есе көтерілген. Мамандар аптап ыстықтың алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдамаса кісі өлімі мен түрлі ауру көбейетінін ескертеді.