Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан өткен тәулікте 1 адам көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулікте 47 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирус инфекциясынан (–553+ және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан өткен тәулікте 1 адам көз жұмды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.