Полиция 18 жастағы бойжеткеннің суицид жасауына қандай жағдай себеп болғанын анықтауда
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында алматылық «Шапито» циркінің әртісі асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде 18 жастағы цирк әртісі Мария Катцунның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабар тарады.
Ұлытау ауданы Полиция департаментінің мәліметінше, Сәтбаев қаласы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.