Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Алматыда өрт салдарынан 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«7 қарашада кешкі сағат 18:45-те Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Төле би 24 Б мекен жайы бойынша жоғары дәрежедегі шақырту рангімен жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 3 минутта жеткен сәтте 5 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Жапсарлас салынған қос қабатты мейрамхана ғимаратына өрт таралу қаупі төнді.
Өртті сөндіру барысында 20 адам эвакуацияланды. Жалын 11 минутта оқшауланып, 19:25-те толығымен өшірілді.
Өртті сөндіруге 9 бірлік техника мен 32 адам жұмылдырылды.