Іс-шараға Алматы қаласының Білім басқармаларының өкілдері қатысты
«Нархоз» университетінде «Қазақ психологиялық қоғамы» мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Балалар мен жастар арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлық – мәселелері мен оның шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Іс-шараға Алматы қаласының Білім басқармаларының өкілдері Венера Коканова және Айзат Сахова қатысты.
Сонымен қатар, Жетісу және Алматы облыстарының Білім басқармаларының өкілдері, аталған өңірлердің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдері, БҰҰДБ өкілі, заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және оқытушылар құрамы қатысты.
Спикерлер бұл мәселенің қазіргі білім беру жүйесінде өте өзекті екенін атап өтті. Осыған орай, қатысушылар назарына отандық «Оқушыларға мониторинг және психологиялық қолдау көрсету жүйесі. Біріктірілген тәсіл» авторлық құқық куәлігімен расталған және 2019-2022 жж. Алматы облысында пилоттық жобаның енгізілгенін айтты. Сондай-ақ білім беру жүйесіндегі педагог-психологының жұмысын цифрландыру үшін автоматтандырылған «Психолог кабинеті» таныстырылып, көрсетілді.
Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім тұлғаларды анықтауда және одан әрі қолдауда, психологиялық көмек көрсетуде жоғары тиімділігін көрсеткен мониторинг жүйесі мен психолог кабинеті инновациялық, отандық технология ретінде әрі қарай қолдану және таратуға қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды.