Депутаттар халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп отырады – саясаттанушы

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл заңдар Қазақстанның түбегейлі өзгеруіне, түзу жолға шығуына мүмкіндік жасайды, дейді ол

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов Мемлекет басшысы жария түрде алты заңға қол қойғаннан кейін жаңа Қазақстанға үлкен бір қадам жасалды деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар конституциялық заңға қол қойды. Бұл заңдар Қазақстанның түбегейлі өзгеруіне, түзу жолға шығуына мүмкіндік жасайды. Менің ойымша, мәслихат, Мәжіліс, Сенат депуттарына халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуге, дұрыс шешім қабылдауына үлкен мүмкіндік жасайтын жүйені құруға бағытталған. Жаңа Қазақстанға жасалған үлкен бір қадам деп есептеймін», - деді ол.

Айта кетейік, 5 қарашада Мемлекет басшысы алты заңға жария түрде қол қойған болатын.